×

Айыппұл салынды: Түркістан облысында 135-тен астам қоқыс полигондары талапқа сай емес

Өңірде полигондардың 70 пайызы санитариялық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды

Айыппұл салынды: Түркістан облысында 135-тен астам қоқыс полигондары талапқа сай емес
Сурет: ortalyq.kz

Түркістан облысында қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы экологиялық, санитарлық бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

“Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы облыс көлеміндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтау полигондарының экологиялық талаптарға сәйкес жұмыс жүргізу бөлігіне талдау жүргізді. Талдау барысында, полигондардың 70 пайызы санитариялық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды. Мәселен, облыс аумағындағы 135 полигон инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген (жарық, қоршау, арнайы құрылғылармен қаржыландыруға байланысты жабдықталмаған), 81-і санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз (жан-жақты қарау және тиісті әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша материалдар сотқа жолданған), 11-і экологиялық рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеуде. Бұл ретте, орын алған заң бұзушылықтар бойынша прокуратура тарапынан қадағалау актісі енгізіліп (Түркістан облысы бойынша Экология департаменті мен санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментіне), тиісті басшыларына  9 млн теңгеден астам айыппұл салынды және 11 полигонның қызметі экологиялық рұқсат алғанша тоқтатылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі таңда рұқсат етілмеген полигондарды тазарту және санитариялық, экологиялық заңнамалардың талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
13 жыл игерілмеген: Щучье көлі жағалауында орналасқан жер мемлекетке қайтарылды
Кеше, 10:16

13 жыл игерілмеген: Щучье көлі жағалауында орналасқан жер мемлекетке қайтарылды

Жеке меншік иелігіндегі жер 2012 жылдан бері қараусыз жатқан 
Олар тиісті тендер ұйымдастырмастан және өткізбестен жекеге өткізіп жіберген
Сегіз шетелдік сот шешімімен елден шығарылған
Олар мыңнан астам салымшыдан заңсыз түрде 9 млрд теңгеден астам қаражат тартқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →