×

Кәмелетке толмаған қызды алып қашқан жігітке кешірім жоқ – Абзал Құспан қандай жаза берілетінін айтты

Қазақстан қыз алып қашу бабын 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодексте декриминализациялаған

Кәмелетке толмаған қызды алып қашқан жігітке кешірім жоқ – Абзал Құспан қандай жаза берілетінін айтты
Коллаж: қыз алып қашу/ Абзал Құспан

Кәмелетке толмаған қызды алып қашқан жігітке кешірім болмайтыны, ауыр жаза қарастырылғаны айтылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz 

Бұл туралы бүгінгі Мәжіліс кулуарында Абзал Құспан бұл ескертпенің қайдан пайда болғанын және оның жазасы қалай болатынын айтып түсіндірді. 

Заңгер, депутат Абзал Құспанның айтуынша, жаңа баптың атауы да, мәні де өзгерген.

«Бұл «Мәжбүрлі түрде үйлену» бабы деп аталады. Қылмыстық кодекстің 125-бабы «адам ұрлау» деп аталады. Содан бөлек 125-баптың бірінші ескертуі ретінде өз алдына бөлек қылмыстық құрам ретінде еніп отыр», –  дейді Абзал Құспан.

Депутаттың мәліметіне сүйенсек, Қазақстан қыз алып қашу бабын 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодексте декриминализациялаған.

«1959 жылы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде бұл бап болған. Ол Кодекс біздің тарихымыздағы ең тұрақты Кодекс болды. 1997 жылға дейін бұл норма күшінде болды. 1997 жылы тәуелсіз Қазақстан өзінің алғашқы Қылмыстық кодексін қабылдаған кезде декриминализация жасап, ол бапты қылмыстық кодекстен алып тастаған болатын. 2015 жылғы Кодекске де енген жоқ. Бірақ бұл жолы енгізудің қажеттілігі туындады. Өйткені, қоғам тарапынан көп өтініш айтылды. Былтыр Құрылтайда мемлекет басшысы да осындай ұсыныс айтқан болатын. Содан кейін депутат Марат Башимов пен Мұрат Әбенов осындай ұсыныс берді», –  деді Абзал Құспан.

Азбал Құспан егер қыз жігітті жақсы көріп, өз еркімен бірге «қашып» кетсе, онда қылмыстық жаза көзделмейді.

«Бұл баптың өзара таныс-біліс, өзара келісіммен алып қашқанға еш қатысы жоқ. Бұл жерде қызды өз еркінен тыс, күш қолданып, алып қашқанға байланысты мәселе көзделген. Кез келген жағдай арыз түсуі керек. Не қыздың өзі, не қыздың ата-анасы, не туыстары, тіпті жағдайды білетін адамдар арыз жаза алады», –  дейді Құспан.

Қылмыстық кодекстің 125-бабы бірінші бөлігіндегі көзделген жаза:

  • Ұсынылып отырған баптың бірінші бөлігі бойынша – жеңіл жаза;
  • Екінші бөлігі бойынша – ауыр жаза (бес жылдан көпке сотталу)
  • Үшінші бөлігі бойынша – аса ауыр жаза (он жылдан көпке сотталу).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тараздағы түзеу мекемесіндегі оқу орнынан 25,5 млн жымқырылған
Бүгін, 14:20

Тараздағы түзеу мекемесіндегі оқу орнынан 25,5 млн жымқырылған

№15 колледж басшылығы оқуға қатыспаған сотталушыларға білім берген
Ол жеке үй сатып алып, онда аса ірі көлемде «мефедрон» есірткісін өндірген
Күдікті «OLX» және «Instagram» мобильді қосымшалары арқылы пайызымен қарыз берумен айналысқан
Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша қамауға алынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →