×

13 млн орнына 6 млн: Рудныйда зейнеткер емделуге үйін кепілге қойып қарыз алған

Күдікті «OLX» және «Instagram» мобильді қосымшалары арқылы пайызымен қарыз берумен айналысқан

13 млн орнына 6 млн: Рудныйда зейнеткер емделуге үйін кепілге қойып қарыз алған
Сурет: arnapress.kz

 Қостанай облысы Рудный қаласында зейнеткер 200 пайыздан аса өсіммен қарыз алған, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.

“Күдікті алты жыл бойы тиісті лицензиясыз, «OLX» және «Instagram» мобильді қосымшалары арқылы пайызымен қарыз берумен айналысқан.Заңсыз әрекеттер заңды түрінде көрсетіліп, онда нақты берілген сомадан әлдеқайда жоғары сандар көрсетілген. Өйткені оған жылдық 100%-ға дейін алдын ала есептелген сыйақылар енгізілген. Қарыздың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында қарыз алушылардың мүлкі кепілдікке қойылған. Аталған схема бойынша күдікті жалпы сомасы 556 млн теңгеден асатын 72 мәміле жасаған.Солардың бірі – Рудный қаласының зейнеткерімен жасалған келісім. Ол күдіктіден емделуге қажет деп 13,2 млн теңге көлемінде қарыз алғаны туралы келісімге отырған. Келісім шарттарына сәйкес, зейнеткер екі жыл бойы ай сайын 600 мың теңгеден төлеуге міндеттелген. Алайда, іс жүзінде ол қолына тек 6 млн теңге ғана алған, ал қалған 7,2 млн теңге алдын ала есептелген пайыз ретінде көрсетілген. Қарызды қамтамасыз ету үшін ол өзінің жалғыз пәтерін кепілдікке қоюға мәжбүр болған. Сот санкциясымен күдіктінің жалпы құны 154 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың ішінде 6 жеке тұрғын үй, 3 автокөлік («TANK 500», «TOYOTA CAMRY», «MITSUBISHI FIGHTER») бар.

Қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Мұндай ауыр әрі әділетсіз талаптар азаматтар үшін үлкен қауіп тудырады, олар алдану арқылы өз мүлкінен айырылып қалу қаупіне ұшырататынын ескеру қажет.
 

????

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тараздағы түзеу мекемесіндегі оқу орнынан 25,5 млн жымқырылған
Кеше, 14:20

Тараздағы түзеу мекемесіндегі оқу орнынан 25,5 млн жымқырылған

№15 колледж басшылығы оқуға қатыспаған сотталушыларға білім берген
Ол жеке үй сатып алып, онда аса ірі көлемде «мефедрон» есірткісін өндірген
Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша қамауға алынған
Қазақстан қыз алып қашу бабын 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодексте декриминализациялаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →