×

Есірткі зертханасын ұйымдастырған қазақстан азаматы Ресейде ұсталды

Ол жеке үй сатып алып, онда аса ірі көлемде «мефедрон» есірткісін өндірген

Есірткі зертханасын ұйымдастырған қазақстан азаматы Ресейде ұсталды
Сурет: gov.kz

Ресейде есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікпен қазақстандық ұсталды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Палодар облыстық прокуратурасы мәлімдеді.

“Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ресей Федерациясының Свердлов облысында Қазақстан азаматын ұстады. Ол еліміздің аумағында есірткі зертханасын ұйымдастырған. Ұсталған азамат 2024 жылы облыс аумағынан жеке үй сатып алып, онда аса ірі көлемде «мефедрон» есірткісін өндірген. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау шараларын жүргізіп жатыр.Бұл қылмыс 12 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Абай Қайырбековтің айтуынша, кез келген жұмыс белгілі бір біліктілікті талап етеді.
Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын 10 мыңға жуық қылмыс алкогольдік мас күйінде жасалады.
Шараға қалалық прокуратура, полиция басқармасы, құқық қорғау органдарының өкілдері, қала басшылығы мен жергілікті жастар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →