×

Құны 1,6 млрд: Павлодардағы жабық қоймадан 155 мыңнан астам вейп өнімдері табылды

Вейп - жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу, инсульт, инфаркт және басқа аурулардың пайда болу қаупін арттырады

Құны 1,6 млрд: Павлодардағы жабық қоймадан 155 мыңнан астам вейп өнімдері табылды
Сурет: Бейнеден кадр/ҚМА

Павлодар облысында қоймалардың бірінен электронды тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіш пен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топтың қызметін анықталып, тоқтатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.

Қылмыстық әрекетті жасыру мақсатында вейптерді сату «Telegram» мессенджеріндегі онлайн-дүкендер арқылы жүргізілген, ал өнім курьерлік қызмет арқылы жеткізілген.

Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру үшін дропперлердің - яғни жалған тұлғалардың атына рәсімделген банк карталарын пайдаланған. Осы карталар арқылы ірі көлемдегі қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, олардың заңсыз шығу тегі жасырылған. Жедел-іздестіру шаралары барысында тауар сақтайтын қоймалар мен сату орындары анықталды. Құны 1,6 млрд теңгеден асатын 155 мыңнан астам вейп пен олардың бөлшектері тәркіленді. Мүлікті тәркілеу мақсатында жалпы құны 37 миллион теңге болатын үш автокөлікке (Chevrolet Camaro, Toyota Land Cruiser және Toyota Highlander) тыйым салынды. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы қамауға алынды.Тергеу жалғасуда, – делңнген ҚМА хабарламасында.

Вейптердің кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен студенттер арасында кеңінен таралуы алаңдаушылық туғызады. Бұл олардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді, себебі вейп құрамындағы заттар жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесіне кері әсер етіп, инсульт, инфаркт және басқа да аурулардың пайда болу қаупін арттырады.

Ал жыл басынан бері электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымының 28 дерегі анықталып, 291 мыңнан астам өнім тәркіленген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
БҚО-да шенеунік тәртіптік жазасы бола тұра сыйақы жаздырып алған
02.06.2025ж. 15:27

БҚО-да шенеунік тәртіптік жазасы бола тұра сыйақы жаздырып алған

Ол тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік лауазымынан босатылған
Сарысу ауданында әлеуметтік осал санаттағы 197 азаматтың құқықтары бұзылған
№15 колледж басшылығы оқуға қатыспаған сотталушыларға білім берген
Ол жеке үй сатып алып, онда аса ірі көлемде «мефедрон» есірткісін өндірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →