Ол барлық жас жігіттер әскерден қашпауы және қорықпауы қажет екенін, әскери дайындықтан өтуі міндетті екенін айтты.
Отан қорғайтын жігіттер шақыру хабарламасын алған соң өз аяғымен әскери комиссариатқа келмесе, енді айыппұл төлейді. Бұл туралы Мәжілістің кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жазықбаевтың айтуынша, министрлік шақыру науқанының бірінші кезеңін аяқтаған. Қажетті әскери қызметшілер толықтай іріктеліп, құрам толығымен қамтамасыз етілген.
Бұған кешенді қарау керек. Қазір заң жобасын қарап жатырмыз. Шақыру жұмыстарын, жүйесін заңға өзгерістер енгізу арқылы орнына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Заң жобасы Сенатқа өтті. Сол заң шығу керек. Шақыру жүйесінде СМС-арқылы әдіс қолданылады. Хабарламаны алған соң азамат өз аяғымен әскери комиссариатқа келмесе, айыппұл төлейді. Біз осы уақытқа дейін Қазақстан азаматтарына заң жүзінде айыппұл да салған жоқпыз, жазаға да тартқан жоқпыз. Бірақ шақыру науқаны уақтылы өтіп жатыр, – деді Жазықбаев.
Ол барлық жас жігіттер әскерден қашпауы және қорықпауы қажет екенін, әскери дайындықтан өтуі міндетті екенін айтты.
«Барлық жас жігіттерге айтарым: әскерден қашпау керек, әскерден қорықпау керек. Әскери дайындықтан өту керек. Уақыты келген кезде беті аулақ – Отанды қорғауға дайын болу керек», – деді ол.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі құқық қорғау органы еместігін атап өтті.
Біз Қорғаныс министріміз. Құқық қорғау органы емеспіз. Егер қандай да бір заң бұзылса, ішкі істер министрлігі мен прокуратура бар. Сол жаққа шағым жасау керек. Егер сіздерде осындай уақытта осындай заңды бұзды десеңіздер, біз өз тарапымыздан хат жолдап, қылмыстық іс қозғауға түрткі боламыз, – деді Жазықбаев.