×

140 адам ұсталды: Қазақстандықтардың жеке деректерін сатқандар құрықталды

Тінту барысында 400-ден астам компьютерлік және басқа да электрондық техника тәркіленген

140 адам ұсталды: Қазақстандықтардың жеке деректерін сатқандар құрықталды
Сурет: Бейнеден кадр

Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан топ құрықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, қазақстандықтардың жеке мәліметтерін интернетте заңсыз сатқан қылмыстық топтың жолын кесті. Ақпараттар мемлекеттік базалардан заңсыз алынған және Telegram арқылы таратылған, оның ішінде кейбір коллекторлық компанияларға берілген. 140-тан астам адам, оның ішінде компания иелері мен арна әкімшілері ұсталды. Қазіргі таңда бес күдікті қамауға алынды. Тінту барысында 400-ден астам компьютерлік және басқа да электрондық техника тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 205-бабы 3-бөлігі (ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу), 147-бабы 5-бөлігі (жеке өмірге қол сұғу және жеке деректер туралы заңнаманы бұзу), сондай-ақ 211-бабы 3-бөлігі (шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Осы заңсыз әрекетке қатысы бар адамдардың толық шеңбері анықталуда”, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Қазіргі таңда азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін бұзатын құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу және жеке деректердің таралуына жол бермеу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғасып жатыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
7 500-ден астам адам сотталған: Қазақстанда жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатыр
Бүгін, 16:50

7 500-ден астам адам сотталған: Қазақстанда жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатыр

Қазақстанда сегіз жылда 7 539 адам сыбайлас жемқорлық бойынша жазаға тартылған
Сафура Төлековамен бірге сот процесінде сотталушы ретінде өтіп жатқан Жансая Бейсембаеваның арызы қанағаттандырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →