×

16 адам ұсталды: Шардарада браконьерлікпен айналысқан қылмыстық топ анықталды

Мемлекетке келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асқан

16 адам ұсталды: Шардарада браконьерлікпен айналысқан қылмыстық топ анықталды
Сурет: Бейнеден кадр

Түркістан облысы Шардара ауданында браконьерлікпен айналысқан қылмыстық топтың қылмысы ашылды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Түркістан облысы прокуратурасы мәлімдеді.

“Түркістан облысының табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Полиция департаментімен Сырдария өзені мен Шардара су қоймасында балықты аса ірі көлемде заңсыз аулаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, тоқтатылды. 16 адам ұсталды, олардың қатарында осындай қылмыстар үшін бұрын сотталғандар да бар. Қылмыстық топтың құрамында тікелей браконьерлер, заңсыз ауланған балықты тасымалдау және сату ісімен айналысқан логистер, сондай-ақ бұл қылмыстық әрекетті үйлестіріп отырған ұйымдастырушы болған. Барлығы 12 тінту шарасы жүргізіліп, нәтижесінде бір тоннадан астам заңсыз ауланған балық, 12 қайық пен олардың қозғалтқыштары, 2 мың метрден астам балық аулау торы және басқа да браконьерлікке арналған құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді”ғ – делінген прокуратура хабарламасында.

Алдын ала келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асқан. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
528 қостанайлыққа елден шығуға тиым салынды
Кеше, 17:50

528 қостанайлыққа елден шығуға тиым салынды

Олар елге 3,2 млрд теңге қарыз болған
Ұсталған азамат интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушы ретінде жұмыс істеген
Билік өкіліне күш қолдану жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды
Жеке меншікке берілген жерлердің жалпы құны 54 миллиард теңге 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →