×

Оралда "Marvel кейіпкерлері" жол ережесін өрескел бұзды

Оларға бірден 17 хаттама толтырылған

Оралда "Marvel кейіпкерлері" жол ережесін өрескел бұзды
Сурет: Polisia.kz

Оралда Marvel кейіпкерлерінің костюміндегі автокортеж жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Полиция департаменті мәлімдеді.

“15 маусым күні кешкі уақытта Орал қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірнеше көліктен тұратын ерекше автокортежді тоқтатты. Көлік жүргізушілері мен жолаушылары Marvel киноәлемінің кейіпкерлерінің костюмдерін киіп алғанымен, олардың ерекше бейнесі жол ережесін бұзған жауапкершіліктен босатпады. Тексеру нәтижесінде автокортеж қатысушылары бірқатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды.Полиция барлық  жүргізушілер мен азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Көңілді костюмдер мен шеру — жолда тәртіпсіздік жасауға негіз емес. Жол қауіпсіздігі — бәріміздің ортақ міндетіміз”, – делінген полиция хабарламасында.

Нәтижесінде келесі әкімшілік хаттамалар толтырылған:

- ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлігі бойынша — 11 хаттама (қауіпсіздік белдігін тақпау);

- 590-баптың 5-бөлігі бойынша — 3 хаттама (мемлекеттік нөмір белгілеріне қойылатын талаптарды бұзу);

- 593-баптың 3-бөлігі бойынша — 1 хаттама (алдыңғы орындықта қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыны тасымалдау);

- 595-баптың 1-бөлігі бойынша — 1 хаттама (жол қиылыстарынан өту тәртібін бұзу);

- 590-баптың 2-бөлігі бойынша — 1 хаттама (пайдалануға тыйым салынған техникалық ақауы бар көлік құралын басқару).

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды
Бүгін, 14:37

Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды

Іс материалдары Қазыбек би аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті.
Алматы облыстық соты сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша іс материалын апелляциялық тәртіпте қарады
Келтірілген залал сомасы 46 миллиард теңгеден асады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляция отырысы 8 қазанда өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →