×

Тараздық блогер жарнама түсіремін деп 10 күнге қамалды

Оның заңсыз әрекеті супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде орын алған

Тараздық блогер жарнама түсіремін деп 10 күнге қамалды
Сурет: Polisia.kz

Жамбыл облысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы өңірлік полиция департаменті мәлімдеді.

 “Супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер жауапкершілікке тартылды. Болашақ көрермендердің назарын аудартуға тырысқан ол қойылым ретінде автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырған және жолаушымен дөрекі дауыспен сөйлесіп, өтіп бара жатқан адамдарды шошытқан. Полиция құқық бұзушыны анықтап, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартты. Супермаркет жарнамасын агрессивті түрде түсіру блогер үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынумен аяқталды”, – делінген полиция хабарламасында.

Қоғамдық тәртіп сақтау қызметкерлері азаматтарды көшеде және қоғамдық орындарда заңды бұзбай, өзгелердің өміріне қауіп төндірмеуге, жолда тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Депутаттың сөзінше, жуырда сот шешімімен Нұрбол Назарбаев мемлекет пайдасына 57 миллиард теңге көлеміндегі активінен айырылған.
200 млрд теңгеден астам қаржы жалған клиникалар мен 226 дроппер арқылы шығарылған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →