×

Алматыдағы «Арыстан» базарының сауда алаңдары сүріліп жатыр

Базардың бір бөлігі рұқсат беру құжаттарынсыз салынған

Алматыдағы «Арыстан» базарының сауда алаңдары сүріліп жатыр
Сурет. Алматы әкімдігі

Алматыдағы «Арыстан» базарының сауда алаңдары сүріліп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Алматы қаласындағы «Ақсай-4» шағынауданында орналасқан «Арыстан» базарының 2000 шаршы метрден астам сауда алаңы сот шешімімен бұзылуда”, –  деп мәлімдеді Алматы қалалық қала құрылысын бақылау басқармасы.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында базардың бір бөлігі рұқсат беру құжаттарынсыз салынғаны анықталған. Осыған байланысты меншік иесі — «Тигрохауд фирмасы» ЖШС-не әкімшілік шаралар қолданылған.

Нәтижесінде басқарма заңсыз салынған базар нысандарын бұзу туралы талап арызды аудандық сотқа жолдаған.

“2024 жылғы 1 наурызда сот базардың 2125,62 шаршы метр аумағын бұзу туралы шешім шығарды. Ал 2024 жылғы 19 шілдеде Алматы қалалық соты бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот шешімін орындау Алматы қаласының Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен кеше басталды”, – делінген әкімдік хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Депутаттың сөзінше, жуырда сот шешімімен Нұрбол Назарбаев мемлекет пайдасына 57 миллиард теңге көлеміндегі активінен айырылған.
200 млрд теңгеден астам қаржы жалған клиникалар мен 226 дроппер арқылы шығарылған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →