×

"Шетелде сотталған азаматтарды босатамыз": Алматы облысында қоғамдық бірлестіктің жетекшісі ұсталды

Ол халықтан жиналған қаражатты иемденіп алған

"Шетелде сотталған азаматтарды босатамыз": Алматы облысында қоғамдық бірлестіктің жетекшісі ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысында қоғамдық бірлестіктердің бірінің жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Тергеу мәліметінше, күдікті шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмек көрсету мақсатында халықтан жиналған қаражатты иемденіп алған. Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – делінген полиция хабарламасында.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Депутаттың сөзінше, жуырда сот шешімімен Нұрбол Назарбаев мемлекет пайдасына 57 миллиард теңге көлеміндегі активінен айырылған.
200 млрд теңгеден астам қаржы жалған клиникалар мен 226 дроппер арқылы шығарылған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →