×

ШҚО-да университет технопаркінің 78%-ы жекеменшікке заңсыз өтіп кеткен

Жекеге 8 мың шаршы метрлік ғимарат пен 1,3 га жер телімі өтіп кеткен

ШҚО-да университет технопаркінің 78%-ы жекеменшікке заңсыз өтіп кеткен
Сурет: m.yk-news.kz

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті технопаркінің үлесі 78%-ы жекеменшікке заңсыз өтіп кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мемлекет қатысатын үлесті заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша тергеуді аяқтаған.

“ 2018–2020 жылдары университеттің бұрынғы басшылығы «Технопарк «Алтай» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 78% мемлекеттік мажоритарлық үлесті заңсыз түрде жекеменшікке өткізген. Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау аясында университетке жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын «Технопарк «Алтай» ЖШС-дегі 100% үлес, 8 мың шаршы метрлік ғимарат пен 1,3 га жер телімі қайтарылды. Қайтарылған активтер зертханалық және оқу базаларын орналастыруға, сондай-ақ травматология, ортопедия және онкологиялық протездеуге арналған медициналық өнімдер шығаратын инновациялық кластерді дамытуға пайдаланылатын болады”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті – елдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университет металлургия, машина жасау, энергетика, медициналық техника және басқа да салалар үшін мамандар даярлаумен айналысады. Оның құрамында 17 ғылыми орталық, зертхана және ғылыми-өндірістік алаң жұмыс істейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Қаржылық мониторингі агенттігі ұсталғандар түскен пайдаға Астанадан екі пәтер, төрт көлік сатып алғанын жария етті
Адвокат Перизат Қайратқа шыққан үкімге шағымданды
Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстау күдігі бойынша күдікті ұсталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →