×

31 млн ұрлаған Астанадағы банк менеджері Ресейден ұсталды

Ол 2015-2017 жылдар аралығында банк қаражатын иемденіп, талан-таражға салған

31 млн ұрлаған Астанадағы банк менеджері Ресейден ұсталды
Сурет: Бейнеден кадр/Бас прокуратура

Бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлаған күдікті Ресейден экстрадициялады,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Тергеу нұсқасы бойынша ол 2015-2017 жылдар аралығында Астана қаласы банктерінің бірінің филиалының жетекші менеджері бола отырып, сомасы 31 миллион теңгеден астам ақша қаражатын иемденіп, талан-таражға салған.   Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды. Өткен жылдың маусым айында іздеуде жүрген адам Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында ұсталды және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Қаржылық мониторингі агенттігі ұсталғандар түскен пайдаға Астанадан екі пәтер, төрт көлік сатып алғанын жария етті
Адвокат Перизат Қайратқа шыққан үкімге шағымданды
Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстау күдігі бойынша күдікті ұсталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →