×

Жамбыл облысының 51 жастағы тұрғын ірі көлемде марихуана сақтаған

Ол марихуананы сату мақсатында сақтаған

Жамбыл облысының 51 жастағы тұрғын ірі көлемде марихуана сақтаған
Сурет: istockphoto.com

Байзақ ауданы тұрғыны марихуананы аса ірі көлемде сату мақсатында сақтағаны үшін сотталды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.
 
Бұл туралы Жамбыл облысы прокуратурасы мәлімдеді.

“Байзақ ауданы прокуратурасының үйлестіруімен Жамбыл облысы ПД-нің Есірткі қылмысымен күрес басқармасы ауданның 51 жастағы тұрғынын аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен ұстады. Күдіктінің үйін тінту кезінде салмағы 15 келіден асатын марихуана табылып, тәркіленді. Қылмыстық іс тергеп-тексеру нәтижесімен сотқа жолданды”, – делінгенн прокуратура хабаламасында.

Соттың 2025 жылғы 10 маусымдағы үкімімен кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 3) бөлігімен 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Үкім заңды күшіне енбеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Маңғыстау облысының прокуратурасы Ақтауда екі мүмкіндігі шектеулі адамды пайдалану ісі бойынша үкім шыққанын хабарлады.
Экс-әкімнің ісінде мемлекетке 2 млрд теңгеге жуық шығын келтірілгені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →