×

Абай облысында 1100-ден аса сайт бұғатталды

Өңірде жыл басынан бері  408 интернет-алаяқтық дерегі тіркелгеен

Абай облысында 1100-ден аса сайт бұғатталды
Сурет: Polisia.kz

Жыл басынан бері Абай облысында 408 интернет-алаяқтық дерегі тіркеліп, 1190-нан аса заңсыз сайттар бұғатталған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Полиция облыс аймағында профилактикалық жұмысты үздіксіз жүргізіп жатыр. 408 интернет-алаяқтық дерегі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55,7%-ға көп. Осы жылы қаңтар айында құрылған киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы интернет-алаяқтықтың 17 эпизоды бойынша 11 күдіктіні ұстады. 1 190-нан астам заңсыз сайт бұғатталды. Маңызды құралдардың бірі — полиция мен екінші деңгейлі банктерді онлайн режимде біріктіретін "Антифрод орталығы" жүйесі. Жыл басынан бері бұл жүйеге 1 056 инцидент тіркеліп, 392 алаяқ есепшот иесі (дроппер) анықталды. 16,5 млн теңгеден астам қаражат бұғатталып, соның ішінде 9,8 млн теңгеден астамы жәбірленушілерге қайтарылды. Бір рейд барысында полиция ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Семей қаласында SIM-box деп аталатын заңсыз құрылғыны тәркіледі. Бұл құрылғы виртуалды нөмірлер арқылы алаяқтыққа пайдаланылған. 60 жастағы тұрғын ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – делінген полиция ақпаратында.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады: бөгде адамдарға жеке және банк деректеріңізді бермеңіз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, ақпарат көздерінің шынайылығын тексеріңіз.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды
Бүгін, 14:37

Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды

Іс материалдары Қазыбек би аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті.
Алматы облыстық соты сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша іс материалын апелляциялық тәртіпте қарады
Келтірілген залал сомасы 46 миллиард теңгеден асады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляция отырысы 8 қазанда өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →