×

Қамалады!: Сталкинг жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды

Бұл туралы бүгін Сенатта тиісті заңды екі оқылымда қарап, қабылданған

Қамалады!: Сталкинг жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды
Сурет: 123RF/bee32

Енді елімізде сталкинг жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы бүгін Сенатта тиісті заңды екі оқылымда қарап, қабылданған.

“Сталкинг кезінде жәбірленушіге қасақана аса ауыр жарақат келтірілген жағдайда, бұл іс-әрекеттер Қылмыстық Кодекстің баптарымен сараланады”, – деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев.,

Қабылданған заңнамаға сәйкес сталкинг жасағандарға айыппұл және 50 күнге дейін қамауға алу түріндегі жаза көзделіп отыр.

Ақпарат

Сталкинг — бұл бір адам екінші адамды қасақана, жүйелі және ұзақ мерзім бойы аңдуы немесе қудалауы. Бұл әрекеттер қорқыныш, мазасыздық немесе қауіп сезімін тудыруы мүмкін. Сталкинг әдетте адамның еркінен тыс орын алады және оның жеке өміріне қол сұғу болып саналады.

Сталкингтің негізгі белгілері:

  • Қайта-қайта хабарласу (қоңырау шалу, SMS, мессенджер арқылы жазу);

  • Әлеуметтік желілерде бақылау (профильге кіріп отыру, әр постқа реакция білдіру);

  • Адамның жүріп-тұруын қадағалау (үйдің маңында күтіп тұру, артынан жүру);

  • Бөтен адамдар арқылы ақпарат жинау (достарынан, туыстарынан сұрастыру);

  • Қорқыту немесе жанама түрде қысым көрсету (аноним хабарламалар, "кездейсоқ" кездесулер).

Сталкингтің зардаптары:

  • Психологиялық күйзеліс;

  • Қауіпсіздіктің бұзылуы;

  • Ұйқысыздық, мазасыздық, қорқыныш;

  • Кей жағдайларда — физикалық қауіп немесе шабуыл.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды
Бүгін, 14:37

Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды

Іс материалдары Қазыбек би аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті.
Алматы облыстық соты сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша іс материалын апелляциялық тәртіпте қарады
Келтірілген залал сомасы 46 миллиард теңгеден асады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляция отырысы 8 қазанда өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →