×

Шымкентте мемлекеттің үлесі 22 пайыз болатын мекеме 21 жылдан кейін толықтай қайтарылды

Осы аралықта өңірде сумен жабдықтау саласындағы заң бұзушылықтар орын алған

Шымкентте мемлекеттің үлесі 22 пайыз болатын мекеме 21 жылдан кейін толықтай қайтарылды
Сурет: "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС

 Шымкент қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады  Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.

 2004 жылдан бастап мемлекеттің үлесі 22%-ды құрайтын Шымкент қаласындағы сумен жабдықтау нысандарын «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС басқарған.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізген қаржылық талдау нәтижесінде, компанияда серіктес құрылымдармен байланысты күмәнді қаржы операциялармен қатар, шығын белгілері анықталды. Сумен жабдықтау саласындағы заң бұзушылықтар, оның ішінде Су кодексінің талаптарына сәйкес келмеуі, жекешелендіру кезінде процедуралық ауытқулар және тиімсіз басқару фактілерінің анықталуына байланысты, материалдар нысандарды мемлекет меншігіне қайтару үшін әкімдікке жолданды. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты сумен жабдықтау және су бұру нысандарын жекешелендіруді жарамсыз деп тану және оларды бастапқы жағдайына келтіріп, мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды”, – делінген ҚМА ақпаратында.

 Әкімдік берген мәліметтер бойынша, сумен жабдықтау тарифі 30%-ға төмендеуі күтілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Руслан Берденов шабуылдан соң өлім туралы ойлағанын айтты
Кеше, 12:31

Руслан Берденов шабуылдан соң өлім туралы ойлағанын айтты

Оның айтуынша, оқиға жұмыс күнінің соңында, әкімдік ғимаратынан шыққан сәтте басталған.
Қатысушылардың бірінің қолынан пышаққа ұқсас зат байқауға болады. 
Ернар Жиенбай Руслан Берденовті атқаннан кейін әкім Ғабит Сыздықбеков әкімдік ғимаратының алдына шығып, жағдайды өз көзімен көрген 
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл әлеуметтік кеселдің белең алуына қатысты ахуал елімізде де, халықаралық ауқымда да алаңдатарлық жағдайға жетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →