×

Ақтауда мүгедектерді қайыр сұрауға мәжбүрлегендер сотталды

Маңғыстау облысының прокуратурасы Ақтауда екі мүмкіндігі шектеулі адамды пайдалану ісі бойынша үкім шыққанын хабарлады.

Ақтауда мүгедектерді қайыр сұрауға мәжбүрлегендер сотталды
Ашық дереккөзден

Сотталушылар қашпақ болған мүгедектігі бар адамдарды сабап ұстаған, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың наурызына дейін 50 жастағы әйел мен оның ұлдары аяқ-қолы жоқ екі адамды күштеп ұстап, қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Жәбірленушілер бастапқыда Қарағандыдан жеткізілген. Бастапқыда оларды Семейде қайыр сұратқан, кейін Ақтауға апарып, жергілікті базарларда қайыр тілеуге итермелеген. Жиналған ақшаны әйел мен оның балалары сол бойда тартып алып отырған.

«Жәбірленушілерге қоқан-лоқы көрсетіліп, психологиялық және физикалық зорлық-зомбылық жасалған. Әсіресе, қашуға талпынғандар соққыға жығылған. Тек 2024 жылдың наурыз айында жәбірленушілердің бірі полицияға жүгініп, қылмыстық схеманың бетін ашуға мүмкіндік берді», – деп мәлімдеді прокуратура өкілдері.

“Отбасылық бизнестің” үш мүшесі де 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды
Бүгін, 14:37

Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды

Іс материалдары Қазыбек би аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті.
Алматы облыстық соты сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша іс материалын апелляциялық тәртіпте қарады
Келтірілген залал сомасы 46 миллиард теңгеден асады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляция отырысы 8 қазанда өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →