Күдіктілер қамауға алынды.
Қаржылық мониторинг Шымкент қаласы бойынша департаменті «Шымкент жастар театры» МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Тергеу дерегінше, мемлекеттік бюджеттен концерт өткізуге арналған жабдықтарды – соның ішінде колонкалар, сабвуферлер, сахналық фермалар, күшейткіштер, микрофондар және т.б. сатып алуға 320 млн теңге бөлінген.
Алайда сатып алу рәсімі кезінде заң талаптары өрескел бұзылып, лоттар қолдан бөлшектеліп, 20-дан астам атау бойынша сатып алулар электронды дүкен арқылы жүргізілген.
Электронды сауда алаңы арқылы жабдықты нақты жеткізбеген жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарттар жасалып, қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған, – делінген ҚМА мәліметінде.
Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа жалпы құны 48 млн теңгені құрайтын автокөлік пен пәтер сатып алынған. Бұл мүлік сенімді тұлғалардың атына рәсімделіп, жасырынуға тырысқан.
Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды, ал күдіктілер қамауға алынды.