×

Жуалыда кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссия отырысы өтті

Жуалыда кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссия отырысы өтті

Жуалы ауданында Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың кұкықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кәмелетке толмағанлар арасында кұкық бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылып отырған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне тосқауыл қою. Сондай-ақ, жастар арасында белең алып бара жатқан суицидті болдырмау да – күллі адамзат баласының ортақ мәселесі, - дейді облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов.

Кеңесте Жуалы аудандық комиссиясының межелі уақытта атқарған жұмыстары, балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуы, сауықтыру лагерлеріне жүргізілген зерделеу нәтижелері және кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу туралы мәселелер қаралды.

Кеңес барысында зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған «Мерейлі отбасы – әділетті қоғам», балалардың терезеден құлауы жағдайларының алдын алу бойынша «Қауіпсіз терезе» акциялары да назардан тыс қалмады.

Бүгін біз ұрпақ тәрбиесі туралы сөз қозғағанда, ең алдымен тәрбие берушінің өзі қандай деңгейде екенін естен шығармауымыз қажет. Баланың болмысын қалыптастыратын — ата-ана мен ұстаз. Ал, мектептегі негізгі бағыттаушы күші ол әлбетте – мәртебелі мұғалім.Сондықтан да балалардың тәрбиесін қамтамасыз ету үшін алдымен ұстаздарды тәрбиелеу керек. Мұғалім – тек білім көзі емес, ол – тәрбиеші, үлгі-өнеге иесі. Баланың бойына мейірім, жауапкершілік, тәртіп пен адамгершілік сіңіру үшін алдымен сол қасиеттер ұстаздың өз бойында болуы тиіс.Осы мақсатта Жуалы ауданындағы ұстаздар арасындағы саяси ахуалдың дұрыстығын қамтамсыз ету басты міндеттердің бірі. – дейді әкім орынбасары.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруіне, ойынханаларға баруына тыйым салу, жасөспірімдер жиі баратын кәсіпкерлік нысандарына бейнебақылау камераларын орнату бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, өгей әке, өгей шешелерімен тұратын балалармен психологиялық жұмыстар жүргізу тапсырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Заң мен тәртіпке ортақ көзқарас қалыптасқанда ғана әділетті қоғам құра аламыз - Серік Сәлемов
Бүгін, 17:23

Заң мен тәртіпке ортақ көзқарас қалыптасқанда ғана әділетті қоғам құра аламыз - Серік Сәлемов

«Заң және тәртіп» қағидатын дәріптеу бағытындағы осындай іс-шаралар облыстың басқа да аудандарында жалғасын табатын болады,
Маңғыстау облысының прокуратурасы Ақтауда екі мүмкіндігі шектеулі адамды пайдалану ісі бойынша үкім шыққанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →