×

«Жалғыз ол емес». Премьер Олжас Бектенов Перизат Қайрат туралы айтты

Мұның жарқын мысалдарының бірі – осы Перизат Қайраттың оқиғасы.

«Жалғыз ол емес». Премьер Олжас Бектенов Перизат Қайрат туралы айтты
Үкімет

Астанада Bizbergemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушысы Перизат Қайратқа қатысты басты сот отырысы жалғасып жатыр. Осы ретте бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов осы іске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мен бұл жағдайдан хабардармын. Өкінішке қарай, өмір көрсетіп отырғандай, тек бюджет қаражаты ғана емес, азаматтардың қайырмалдықтары да мақсатсыз жұмсалып жатады. Мұның жарқын мысалдарының бірі – осы Перизат Қайраттың оқиғасы. Бірақ бұл жалғыз мысал емес, басқа да жағдайлар бар. Бұл – ең даулысы шығар. Мұндай шығындарды бақылауда ұстау және ашық ету үшін осы механизмдерді заңнамалық тұрғыдан реттеу қажет. Құқық қорғау органдарының негізінде бізге нақты ұсыныстар беріледі деп ойлаймын, - дейді Олжас Бектенов.

Естеріңізге салайық, Перизат Қайрат пен оның анасы мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстандағы су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге қайырымдылық көрсету мақсатында жиналған 3 млрд теңгені жымқырды деп айыпталып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →