×

Перизаттың оқиғасы келешекте қайырымдылық жасаймын дегендерге үлкен зиян тигізді – жәбірленуші

Астана сотында Перизат Қайраттың ісі бойынша сот жарыссөзі жалғасуда

Перизаттың оқиғасы келешекте қайырымдылық жасаймын дегендерге үлкен зиян тигізді – жәбірленуші
Ашық дереккөзден

Бүгінгі сотта жәбірленушілердің бірі, қоғамдық қор директоры Әли Бекбаев атты азамат сөйледі. Ол еліміздің батыс өңірлерінде су тасығанда «Біз біргеміз» қоғамдық қорына 500 мың теңге аударған, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Айыпталушылардың кінәсі сотпен толық дәлелденді деп есептеймін. Біздің азаматтық талапты қанағаттандыруды сұраймын. Прокурордың ұсынған жаза мөлшерімен толық келісем. Өйткені жаза қылмысқа сай әділетті деп қарастырамын. Себебі су тасқыны болған кезде еліміздің басына үлкен қиындық туған кезде көмектің өзі уақтылы жетпей, жиналған қаражаттың басқа мақсатта жұмсалуы, жеке мүддеге қолданылуы өте қиын болды», - деді ол.

Жәбірленушінің сөзінше, болған оқиға келешекте қайырымдылық жасаймын деген жандарға материалдық және моральдық зиян келтірген.

«Сотталушыға белгіленген жаза заңды әрі әділ деп санаймын. Іс әділ қаралып, материалдық және моральдық зиян ескерілді деп санаймын», - деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
7 500-ден астам адам сотталған: Қазақстанда жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатыр
Бүгін, 16:50

7 500-ден астам адам сотталған: Қазақстанда жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатыр

Қазақстанда сегіз жылда 7 539 адам сыбайлас жемқорлық бойынша жазаға тартылған
Сафура Төлековамен бірге сот процесінде сотталушы ретінде өтіп жатқан Жансая Бейсембаеваның арызы қанағаттандырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →