×

Сафура Төлекованың соты: прокурорлар істі тергеген антикоршылардың өзін тексеретін болды

Сафура Төлековамен бірге сот процесінде сотталушы ретінде өтіп жатқан Жансая Бейсембаеваның арызы қанағаттандырылды

Сафура Төлекованың соты: прокурорлар істі тергеген антикоршылардың өзін тексеретін болды
Ашық дереккөзден

Жансая Бейсембаева сотқа дейінгі тергеу барысында антикоршылар өзіне қысым жасағанын мәлімдеген еді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Ұлытау облысы Жезқазған қалалық соты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша істі қарап жатыр. Нақтырақ айтқанда, Ұлытау облысы білім басқармасы басшысы қызметінен шеттетілген Сафура Төлекова мен оның бұрынғы орынбасары, марқұм Гүлнар Оспанова және басқарманың бухгалтері Жансая Бейсембаеваға қатысты сот ісі жүруде. 

22 шілдеде Жезқазған қалалық сотының судьясы Ешмағанбет жаңа қаулы шығарды. Ол қаулыда жазылғандай, сот отырысында сотталушы Ж.К.Бейсембаева сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қызметкерлері өзіне моральдік-психологиялық қысым көрсеткенін мәлімдеген. Артынша, Ұлытау облысы прокуратурасының прокуроры Н.Нұрман Ж.Бейсембаеваға келтірілген заңсыз іс–әрекеттер орын алғаны туралы уәждерді тексеру мақсатында тиісті түрде қаулы шығарып, Ұлытау облыстық прокурорына жолдауы қажеттігін мәлімдеген. Сот осы арызды басшылыққа ала отырып, арнайы қаулымен сот Жансая Бейсембаеваға уәждері бойынша тексеру жүргізуді тапсырды. Енді прокурорлар Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қызметкерлерінің әрекетін тексереді.

Жалпы Сафура Төлекованың кінәсіздігіне сенімді адамдар өз пікірлерін бұған дейін әлеуметтік желіге көп жазған болатын. Төлекованың өзі Ұлытау өңіріне бармай тұрып, Астанадағы мектептердің бірінде директор қызметін атқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
7 500-ден астам адам сотталған: Қазақстанда жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатыр
Бүгін, 16:50

7 500-ден астам адам сотталған: Қазақстанда жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатыр

Қазақстанда сегіз жылда 7 539 адам сыбайлас жемқорлық бойынша жазаға тартылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →