×

Түркістанда жолаушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында шаралар өтуде

Жолаушылар тасымалында заң талаптары тексерілді

Түркістанда жолаушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында шаралар өтуде

Түркістан қаласында өткен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған шарада полицейлер 40-тан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан қаласында ұйымдастырылған "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында жүргізушілерден жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының бар-жоғын тексеріп, багажды заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау мен жүргізушілердің жолдарда техникалық байқаудан өтуін және қауіпсіздіктің сақталуын қадағалауды жүзеге асырды. Тәртіп сақшылары қазіргі таңда жүргізушілер мен жолаушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жолаушылар тасымалы саласындағы ережелерді сақтау қажеттілігі бойынша түсіндіруде. 

Жалпы Түркістан облысында азаматтардың құқықтық санасын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру жүйелі түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Осы ретте, облыс әкімдігі, прокуратура, білім беру ұйымдары және жергілікті қоғамдастықтардың бірлесуімен құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілуде. Мұндай шаралардың басты мақсаты – азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуіне, заң талаптарын түсініп, соған сай әрекет етуіне ықпал ету. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау және азаматтық белсенділікті нығайту – осы бастамалардың негізгі нәтижесі болып отыр. Жергілікті халықтың құқықтық мәдениетін көтеру арқылы облыста құқықтық сауатты, заңға бейім қоғам қалыптастыру маңызды.
1465

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
7 500-ден астам адам сотталған: Қазақстанда жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатыр
Бүгін, 16:50

7 500-ден астам адам сотталған: Қазақстанда жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатыр

Қазақстанда сегіз жылда 7 539 адам сыбайлас жемқорлық бойынша жазаға тартылған
Сафура Төлековамен бірге сот процесінде сотталушы ретінде өтіп жатқан Жансая Бейсембаеваның арызы қанағаттандырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →