Қайырымдылыққа ақша жинап, оны өз пайдасына жаратты деп айыпталған Перизат Қайрат 10 жылға сотталды. Оның анасы Ғайни Алашбаева да үкім шықты, Qaz365.kz
2024 жылы 16 қарашада Астананың тергеу соты Перизат Қайратты екі айға қамауға рұқсат берген. ҚМА Перизат Қайраттың ұсталғанын екі күн бұрын хабарлаған. Агенттіктің болжамынша, ол су тасқынынан зардап шеккендерге арналған ақшаға Астанадағы төрт тұрғын үй кешенінен элиталық баспана, Mercedes-Benz S450, Lexus LX-600 және Haval маркалы көліктер, сонымен бірге қымбат заттар сатып алған. Перизат Қайратпен бірге оның анасы да тергеуге ілінген.
Перизат Қайрат жетекшілік еткен Biz Birgemiz Qazaqstan қоры 2021 жылы маусымда жалпыұлттық еріктілер қозғалысы ретінде құрылған. Оның құрамында 15 мың ерікті болған.