×

Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды

Талғардағы Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жіберілді

Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды
Ашық дереккөзден

Бүгін Алматы облыстық прокуратурасы Хасан Қасымбаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданғанын растады. Іс материалдары мен айыптау актісі 21 шілдеде облыстық прокуратураға берілген, деп хабарлайды  Qaz356.kz.

«Алматы облысының прокуратурасы 2025 жылғы 29 шілдеде айыптау актісін бекітіп, істі мәні бойынша қарау үшін Талғар аудандық сотына жолдады», — деп мәлімдеді қадағалаушы орган өкілдері.

Хасан Қасымбаевтың үстінен «адам ұрлау», «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және «қорқытып алу» баптары бойынша іс қозғалған.

Хасан Қасымбаев деген кім

Қоғамда көпшілік оның есімін атышулы «Хуторлықтар» деп аталатын ұйымдасқан топпен байланыстырады. Дегенмен, Ішкі істер министрлігі мұндай қылмыстық топтың барын ресми түрде жоққа шығарады. 

Оның есімі көпшілікке 2024 жылдың соңында 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты істен кейін таныла бастады. Жергілікті тұрғындар мен кейбір ақпарат құралдары оны бейресми түрде «Хуторлықтар» деп аталатын қылмыстық топтың жетекшісі ретінде атайды. Алайда Қасымбаев бұл айыптауларды мойындамайды. Ол өзінің ешқашан сотталмағанын, ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше емес екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, қорғаушысы арқылы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беруге ниетті екенін жеткізген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
NCOC Атырау экология департаментімен соттасты: Астанаға жеткен дау немен аяқталды
Кеше, 13:42

NCOC Атырау экология департаментімен соттасты: Астанаға жеткен дау немен аяқталды

Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасымен жер қойнауын пайдаланушының Атырау облысы бойынша экология департаментіне қарсы талабына қатысты дау қаралды
Ведомство шенеуніктің аты-жөнін жарияламады
ІІМ демалысқа шығар алдында сақ болуды ескертеді. 
ІІМ қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер туралы ескертті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →