×

«Бұл – менің ар-намысым мәселесі»: Жиембай Берденовке оқты қызғаныштан атқанын айтты

Бұл – менің ар-намысым мәселесі

«Бұл – менің ар-намысым мәселесі»: Жиембай Берденовке оқты қызғаныштан атқанын айтты
Коллаж: Qaz365.kz

«Шымкент әкімінің орынбасарына Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша» негізгі сот талқылауы басталды. Берденовтің өзі тағы да сотқа келмеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Істі Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр. Заң бойынша сотқа келуге міндетті болуына қарамастан Руслан Берденов процеске келмеді.

Оқ атты деп ұсталған жауапкер Ернар Жиембай сотта кінәсін жартылай мойындады. Оның айтуынша, шенеунікті қорқыту мақсатында ғана аңшы мылтығын пайдаланғанын, өлтіру ниеті болмағанын айтты.

«Өкінемін, бұл әрекетіме қызғаныш себеп болды. Бұл – менің ар-намысым мәселесі. Бұл жерде жұмыстың қатысы жоқ», – деді айыпталушы Жиембай сотта.

Прокуратураның мәліметінше, Жиембай өзін жұмыстан шығаратыны туралы әңгімені құлағымен шалып қалып, осы жағдай оны қылмысқа итермелеген.

Оқиға 2025 жылдың 21 сәуірінде әкімдік ғимаратының жанында болған. Руслан Берденов аңшы мылтығынан атылған оқтан жамбас және иығынан жараланып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған.

Айыпталушы – 31 жастағы Ернар Жиембай, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы директоры. Тергеу дерегіне сүйенсек, ол әкімдік ғимаратының жанында Руслан Берденовке бес рет оқ атқан.

Судья Әбінұр Қарабаев негізгі сот отырысына Руслан Берденовтің өзі келіп қатысуы тиіс деп шешім шығарды. Алайда жарақатынан толық айықпағандықтан, Берденов сотқа қатыспады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
NCOC Атырау экология департаментімен соттасты: Астанаға жеткен дау немен аяқталды
04.08.2025ж. 13:42

NCOC Атырау экология департаментімен соттасты: Астанаға жеткен дау немен аяқталды

Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасымен жер қойнауын пайдаланушының Атырау облысы бойынша экология департаментіне қарсы талабына қатысты дау қаралды
Талғардағы Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жіберілді
Ведомство шенеуніктің аты-жөнін жарияламады
ІІМ демалысқа шығар алдында сақ болуды ескертеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →