×

Түркістан: Төлебилік тұрғындарға құқықтық кеңес берілді

Төлеби ауданында «Құқықтық көмек» жобасы аясында тұрғындарға заңгерлік кеңес берілді

 

Түркістан: Төлебилік тұрғындарға құқықтық кеңес берілді

Түркістан облысы, Төлеби ауданында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тұрғындарға кәсіби құқықтық кеңестер беріліп, қолданыстағы заң шеңберінде шешілуі тиіс мәселелерді реттеудің жолдары жөнінде пайдалы ақпараттар түсіндірілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шара «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген. Түсіндірме жұмыстарына облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдары, департамент және басқарма өкілдері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды азаматтары, халыққа қызмет көрсетуші ұйымдардың жауапты тұлғалары, адвокаттар, нотариустар, заңгерлер, жеке сот орындаушылары, медиаторлар қатысты.

«Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты тиімді мемлекеттік басқаруды қалыптастырып, халық алдында жауап беретін билікті қалыптастырып отыр. «AMANAT» халықтың үніне құлақ асып, сайлаушылардың талаптарын бұлжытпай орындайтын партия ретінде, облыс орталығынан шалғайда жатқан ауыл тұрғындарының базыналарын тыңдауға облыстық деңгейдегі атқарушы, өкілді және құқық қорғау органдарын, аудандағы мемлекеттік билік құрылымдарын, кәсіби заңгерлерді, халыққа қызмет көрсетуші ұйымдарды алдарыңызға әкеп отыр. Халық бізді іздеп келмеуі керек, біз халықты іздеп баруымыз қажет. Шешілмейтін түйін жоқ, барлық мәселенің шешім табуының жолдары бар. Барлық негізгі шешімдер ортақ пікір негізінде және қолданыстағы заңдар аясында қабылданады. Осында қатысып отырған кәсіби заңгерлер, түйткілді мәселелеріңіз болса, қажетті құқықтық көмегін көрсетеді», - деді облыстық мәслихаттағы партиялық фракцияның төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Қаржылық мониторингі агенттігі ұсталғандар түскен пайдаға Астанадан екі пәтер, төрт көлік сатып алғанын жария етті
Адвокат Перизат Қайратқа шыққан үкімге шағымданды
Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстау күдігі бойынша күдікті ұсталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →