×

Түркістан: Сауранда жасөспірімдер құқығын қорғау мәселелері қаралды

Сауран ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Түркістан: Сауранда жасөспірімдер құқығын қорғау мәселелері қаралды

Түркістан облысына қарасты, Сауран ауданында жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жиын аудан әкімінің аппаратында ұйымдастырылып, комиссия мүшелері мен жауапты сала өкілдері қатысты. Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасында жастардың құқықтық санасын қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың, суицид пен ерте жүктіліктің алдын алу, сондай-ақ, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты талқыланды. Шарада алғашқы болып Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Данияр Түймебаев баяндама жасап, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу бойынша жүргізілген іс-шараларға тоқталды. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары тарапынан жастар арасында профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, тәуекел тобындағы балалармен жеке жұмыс күшейтілген.

Келесі болып сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Ғани Әметбеков мектеп оқушылары арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, тәртіп пен жауапкершілікке баулу бағытындағы оқу-тәрбие жұмыстары жайлы баяндады. Ол білім беру ұйымдарында арнайы жоспарлар аясында түсіндіру жұмыстары мен кездесулер тұрақты түрде өткізіліп жатқанын жеткізді. Ал Сауран аудандық емхана басшысының орынбасары Айдана Аяғанова суицид пен ерте жүктіліктің алдын алу шараларына тоқталды. 

Комиссия отырысында сөз сөйлеген аудан әкімі Мақсат Таңғатаров кәмелетке толмағандар арасында орын алатын құқықбұзушылықтар мен әлеуметтік сипаттағы мәселелерге алаңдаушылық білдіріп, бұл бағыттағы жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қаржылық мониторингі агенттігі ұсталғандар түскен пайдаға Астанадан екі пәтер, төрт көлік сатып алғанын жария етті
Адвокат Перизат Қайратқа шыққан үкімге шағымданды
Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстау күдігі бойынша күдікті ұсталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →