×

Түркістан: Сайрамда құқықтық тәртіпке бағытталған шара өтті

Сайрам ауданында «Заң және тәртіп – тұрақтылығымыздың негізі» акциясы өтті

Түркістан: Сайрамда құқықтық тәртіпке бағытталған шара өтті

Түркістан облысына қарасты, Сайрам ауданында «Заң және тәртіп – тұрақтылығымыздың негізі» тақырыбы аясында кең ауқымды акция өткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған іс-шараға Сайрам аудандық прокуратура ұйытқы болып, аудандық полиция басқармасының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары мен ерікті жастар белсене атсалысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидасын кеңінен насихаттай отырып, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру қажеттігін атап өткен болатын. Осы ретте, акция барысында ауданда қоғамда өзекті саналатын бірқатар мәселелердің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Атап айтқанда, есірткі заттарына қатысты құқық бұзушылықтар, интернет алаяқтық, балалардың қауіпсіздігі және тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыптары кеңінен қамтылды. Шара аясында тұрғындарға ақпараттық брошюралар таратылып, көпшілік жиі шоғырланатын орындарға көрнекі флаерлер ілінді. Жергілікті халыққа заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ өз құқықтары мен міндеттері жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жалпы Түркістан облысындағы құқықтық тәртіпті сақтау шаралары аясында «Құқықтық тәртіп» атты жергілікті жобалар – рейдтер, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылуда. Одан бөлек, «Жолда қабылдау», «Түнгі қаладағы балалар», «Автобус» сынды полиция акциялары өтеді. Одан бөлек, мектептер мен колледждерде құқық сабағы, тренингтер, ашық сабақтар және құқықтық кеңес беру, әсіресе тұрмыстық зорлық, отбасылық қатынастар, мүлікке байланысты мәселелер бойынша жиындар өткізіледі.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қаржылық мониторингі агенттігі ұсталғандар түскен пайдаға Астанадан екі пәтер, төрт көлік сатып алғанын жария етті
Адвокат Перизат Қайратқа шыққан үкімге шағымданды
Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстау күдігі бойынша күдікті ұсталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →