×

СҚО-да кәсіпорын астық жөнелту тарифін түсірмей қойды: монополияға қарсы орган тергеу бастады

Солтүстік Қазақстан облысындағы бір кәсіпорын астық жөнелту тарифін төмендетуден бас тартты

СҚО-да кәсіпорын астық жөнелту тарифін түсірмей қойды: монополияға қарсы орган тергеу бастады
Ашық дереккөзден

Компанияның үстінен монополияға қарсы орган тергеу бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өңірлік департаментінде хабарлады.

Ведомство Қостанай облысындағы астық қабылдайтын кәсіпорындар нарығындағы бәсекелестік ахуалды талдады. Атап айтқанда, астықты қабылдау, кептіру, тазалау, сақтау және жөнелту қызметтері қаралды.

«Нәтижесінде 21 кәсіпорынға үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша хабарламалар жолданды. Бұзушылықтар астықты автокөлікпен және теміржолмен жөнелту тарифтерін апта күні мен мереке күндеріне қарай негізсіз саралаудан көрініс тапқан», – делінген хабарламада.

20 компания монополияға қарсы органның уәждерін қабылдап, қолданыстағы тарифтерін төмендетті. Агенттік бұл шешім орақ науқаны кезінде аграрийлердің жүктемесін азайтуға көмектесетінін атап өтті.

Алайда бір кәсіпорын хабарламаны орындаудан бас тартқан. Соған байланысты оған қатысты тергеу басталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Депутаттың сөзінше, жуырда сот шешімімен Нұрбол Назарбаев мемлекет пайдасына 57 миллиард теңге көлеміндегі активінен айырылған.
200 млрд теңгеден астам қаржы жалған клиникалар мен 226 дроппер арқылы шығарылған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →