×

400-ден аса салымшы 1 млрд теңге салған: Шымкенттегі «Аяла Голд» қаржы пирамидасының иесі ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен «Аяла Голд» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

400-ден аса салымшы 1 млрд теңге салған: Шымкенттегі «Аяла Голд» қаржы пирамидасының иесі ұсталды
Ашық дереккөзден

Шымкенттегі қаржы пирамидасы зергерлік бұйымдарды сататын компания ретінде жасырынған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Агенттіктің мәліметінше, күдіктілер азаматтарға ай сайын 50–60% көлемінде кепілдендірілген табыс уәде етіп, инвестиция салуды ұсынған. Сонымен қатар, салынған қаражаттың сақталатынына сендірген. Алайда төлемдер нақты пайда есебінен емес, жаңа қатысушылардан түскен қаражат есебінен жүзеге асырылған.

Соның салдарынан қаржылық пирамидаға 400-ден астам салымшы тартылып, олар 1 миллиард теңгеден астам қаражат салған. Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табысқа бой көтеріп жатқан тұрғын үй кешенінен екі пәтер сатып алған. Сот санкциясымен бұл пәтерлерге тыйым салынды. Бұдан бөлек, күдіктілер өз туыстарын қаржылық схемаға тартып, оларды «дроппер» ретінде пайдаланған — яғни басқа салымшылардан түскен қаражатты олардың банк реквизиттері арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған, – делінген хабарламада.

Қаржылық пирамиданың ұйымдастырушысы екі ай мерзімге қамауға алынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қаржылық мониторингі агенттігі ұсталғандар түскен пайдаға Астанадан екі пәтер, төрт көлік сатып алғанын жария етті
Адвокат Перизат Қайратқа шыққан үкімге шағымданды
Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстау күдігі бойынша күдікті ұсталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →