Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстау күдігі бойынша күдікті ұсталды
Ішкі істер министрі Ержан әаденов істі жеке бақылауына алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Зардап шеккен балаларға қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс басталды. Ішкі істер министрі істі жеке бақылауына алды», – деді Әлекешев жұма күні кешке.
ІІМ балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық фактілерін қатаң түрде тоқтататынын және кінәлілердің заңға сәйкес жазаланатынын баса айтты.
Құлдықта болған балалар
Бұдан бұрын әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған екі баланың көмек сұраған бейнежазбасы тарап кеткен. Ол видеода балалар мал бағып жүргендерін, телефондарын тартып алғанын және алған жарақаттарын да көрсетеді. Осыдан кейін қылмыстық іс қозғалғаны туралы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева хабарлады.