×

Бір млрд теңгені жымқырды деп сотталған продюсерге Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған өнер адамдары ара түсті

Бір млрд теңгені жымқырды деп сотталған продюсерге Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған өнер адамдары ара түсті
Әлеуметтік желі

Танымал продюсер SUCCESS K ірі ивент-агенттігінің басшысы болған Ләззат Көккөзова биыл көктемде бес жылға сотталған. Әлеуметтік желіде өнер адамдарының президент Қасым-Жомартқа жазған хаты таралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстанның мәдениет, театр және кино саласындағы белгілі қайраткерлер тобы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдап, Ләззат Көкқозоваға қатысты қылмыстық істі апелляцияда әділ қарауды сұрады.

Хатқа халық әртістері, еңбек сіңірген қайраткерлер, режиссерлер, актерлер мен кинокритиктер қол қойған. Автoрлар сот процесін тікелей эфирде мұқият бақылағандарын айтып, тергеу мен соттың бейтараптығына күмән келтірді, сондай-ақ процессуалдық нормалардың бұзылғанын атап өтті.

Мәтінде мұндай жағдайлар сот жүйесіне деген сенімді әлсірететіні айтылған. Сонымен бірге, Ләззат Көкқозованың қазақстандық мәдениетті дамытудағы көпжылдық еңбегі мен мінсіз беделі еске салынып, істі қарау кезінде оның еңбегі мен қазіргі денсаулық жағдайы ескерілуі тиіс екені баса айтылған.

Ол қай салада еңбек етсе де – халықаралық ұйымдарда, телевидение мен кинода, мемлекеттік секторда, қоғамдық ұйымдарда немесе бизнесте – өз саласында тәуелсіз Қазақстанның реформалары мен қалыптасуына зор энергиясы мен жігерімен атсалысқан мамандар ұрпағына жатады. Көптеген жас үшін ол пікірін бағалап, кеңесіне құлақ асатын тәлімгерге айналды. Осы жылдар ішінде мәдениет пен өнер қайраткерлері ортасында ол өз ісіне адал, принципшіл және шынайы адам ретінде танылды. Ләззат Көкқозова әрдайым өзіне де, әріптестеріне де талапшыл болып, шығармашылық пен кәсіби стандарттардың биік деңгейін басты орынға қойды, жоғары отаншылдық сезіммен қызмет етті, – делінген үндеуде. Ол қай салада еңбек етсе де – халықаралық ұйымдарда, телевидение мен кинода, мемлекеттік секторда, қоғамдық ұйымдарда немесе бизнесте – өз саласында тәуелсіз Қазақстанның реформалары мен қалыптасуына зор энергиясы мен жігерімен атсалысқан мамандар ұрпағына жатады. Көптеген жас үшін ол пікірін бағалап, кеңесіне құлақ асатын тәлімгерге айналды. Осы жылдар ішінде мәдениет пен өнер қайраткерлері ортасында ол өз ісіне адал, принципшіл және шынайы адам ретінде танылды. Ләззат Көкқозова әрдайым өзіне де, әріптестеріне де талапшыл болып, шығармашылық пен кәсіби стандарттардың биік деңгейін басты орынға қойды, жоғары отаншылдық сезіммен қызмет етті, – делінген үндеуде.

Айта кетейік, мамыр айында Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Көккөзованы бес жылға бас бостандығынан айырған болатын.

 Тергеу нұсқасы бойынша,ол  Ерлан Қожағапановпен бірге 2018 жылы Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы көрмесін ұйымдастыру кезінде 1 млрд теңгені жымқырды деп айыпталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлауынша, 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасаған кезде форумды өткізу үшін жасалған сметада бағаны екі есе өсіріп көрсеткен. Бұл өз кезегінде бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкелген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ШҚО-да бір қалаға жететін электр энергиясын майнингке жымқырғандар ұсталды
Бүгін, 11:57

ШҚО-да бір қалаға жететін электр энергиясын майнингке жымқырғандар ұсталды

Қаржылық мониторингі агенттігі ұсталғандар түскен пайдаға Астанадан екі пәтер, төрт көлік сатып алғанын жария етті
Адвокат Перизат Қайратқа шыққан үкімге шағымданды
Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстау күдігі бойынша күдікті ұсталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →