×

Семейде ер адам соққыға жығылды: полиция мәлімдеме жасады

Қатысушылардың бірінің қолынан пышаққа ұқсас зат байқауға болады. 

Семейде ер адам соққыға жығылды: полиция мәлімдеме жасады
Видеодан алынған кадр

Семейде куәгерлер қаланың орталығында – орталық полиция бөлімшесі мен өрт сөндіру бөлімінің маңында ер адамды аяусыз соққыға жыққан сәтті видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бейнежазбада ер адамның жол белгісінің жанында асфальтта жатқанын, айналасында үш адамның соққыға жығып жатқанын көруге болады. Біреуі жәбірленушіні ұстап тұрса, екіншісі аяғынан тартады. Қатысушылардың бірінің қолында пышаққа ұқсас зат байқалады. Біраздан кейін тағы бір ер адам келіп, жанжалды тоқтатпақ болады.

Абай облыстық полиция департаменті оқиғаны растады:

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжал тұрмыстық араздықтан туындаған. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді, – деп хабарлады ведомство.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды
Бүгін, 14:37

Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды

Іс материалдары Қазыбек би аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті.
Алматы облыстық соты сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша іс материалын апелляциялық тәртіпте қарады
Келтірілген залал сомасы 46 миллиард теңгеден асады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляция отырысы 8 қазанда өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →