×

Берденов ісі: журналиске оғаш қылық көрсеткен судьяға қатысты тексеру тағайындалды

Соттың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады. 

Берденов ісі: журналиске оғаш қылық көрсеткен судьяға қатысты тексеру тағайындалды
Видеодан алынған кадр

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша өтіп жатқан сот процесінде ерекше оқиға болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот төрағасы Әбинұр Қарабаев істі қарау барысында процесті бақылап отырған журналист Ботагөз Омароваға тілін көрсеткен. Бұл сәттің видеосы желіде тарап, қызу талқыға түсті.

Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі судьяның қылығы мұқият зерттелетінін мәлімдеді.

Қала әкімінің орынбасарына қастандық ісін қарау кезінде сот төрағасы Әбинұр Қарабаевтың әрекеті Судьялық әдеп кодексін бұзу-бұзбау тұрғысынан тексеріледі, – делінген соттың баспасөз хабарламасында.

Заңнамаға сәйкес, қызметтік тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы Судьялық әдеп жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

Егер судьяның беделін түсіретін әрекет жасағаны расталса, материалдар Жоғарғы сот кеңесі жанындағы Сот алқасына жолданады, – деп атап өтті сот өкілдері.

Сонымен қатар, қандай жағдайда болмасын, судьялар кәсіби судьялық этика нормаларын қатаң сақтауға және халықтың сот жүйесіне деген сенімін жоғары деңгейде сақтауға міндетті.

Айта кетейік, Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау дерегі бойынша атышулы сот процесі жүріп жатыр. 18 тамыз күні шенеуніктің өзі сотта куәлік берген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды
Бүгін, 14:37

Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды

Іс материалдары Қазыбек би аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті.
Алматы облыстық соты сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша іс материалын апелляциялық тәртіпте қарады
Келтірілген залал сомасы 46 миллиард теңгеден асады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляция отырысы 8 қазанда өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →