×

Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиембайға сот үкімі шықты

Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиембайға сот үкімі шықты
Коллаж/Qaz365.kz

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасауға қатысты іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ернар Жиембайға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ол орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді. Сонымен қатар, ол жәбірленушінің пайдасына 30 айлық есептік көрсеткіш (117 960 теңге) көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сот отырысында айыпталушы соңғы сөзін айтып, өз әрекеттерін «қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қайта саралауды сұрады. Сондай-ақ, шын жүректен өкінетінін айтып, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінді.

Айта кетейік, Ернар Жиембайдың ісі сотқа Қылмыстық Кодекстің «Адам өлтіру» бабы және «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» бабымен түскен. Іс өндіріске 22 шілде күні қабылданған. Басты сот талқылауы 6 тамыз күні басталған. Жәбірленуші денсаулығына байланысты әзірге сот тергеуіне қатыспады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Перизат Қайрат колонияда отырып табыс таба алады
Кеше, 16:58

Перизат Қайрат колонияда отырып табыс таба алады

Абай Қайырбековтің айтуынша, кез келген жұмыс белгілі бір біліктілікті талап етеді.
Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын 10 мыңға жуық қылмыс алкогольдік мас күйінде жасалады.
Шараға қалалық прокуратура, полиция басқармасы, құқық қорғау органдарының өкілдері, қала басшылығы мен жергілікті жастар қатысты
ҚМА деректеріне сүйенсек, 18 блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →