×

"Өлтіргім келмеген": Ернар Жиенбай үкіммен келіспейтінін айтты

Ернар Жиенбай үкім оқылғаннан кейін журналистерге айтарын айтып үлгерді

"Өлтіргім келмеген": Ернар Жиенбай үкіммен келіспейтінін айтты
Qaz365.kz

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбай конвой әкетпес бұрын журналистерге үкім жайлы не ойлайтынын айтып үлгерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Үкіммен келіспеймін. Менің өлтіру ниетім болмаған. Ол Русланның қорқыныштан айтып жатқан сандырағы деп ойлаймын. Өздеріңіз видеодан көрдіңіздер. Мен оны өлтіретін болсам, ешқайда қашып құтылмас еді. 9 жыл болса – 9 жыл! Бірақ адам өлтіру емес, 106 бап – адам өміріне қасақана зиян келтіру бабымен соттау керек еді. Нақты айғақталған қылмыс – сол. Денсаулығына ауыр зиян келген, биологиялық өлім келмеген. Апелляциялық шағым түсіретінімді айта алмаймын”, – деді Ернар Жиенбай сот үкімі оқылған соң журналистерге берген жауабында.

Ернар Жиенбай Руслан Берденов бірінші өзіне шақырғанын, дөрекілік көрсеткенін айтты.

““Сен тупойсың, шашың түсіп қалған” деп кәдімгідей тұрып жағамнан ұстады, бірақ оны көмекшілері айтпайды. Өздеріңіз көрдіңіздер ғой, көмекшісі де, құрылыс басқарма басшысына айтқан: “Жиенбайды соттатамын, себебі көмекшіме мінез көрсетті” деген. Мен ол кісіні іздеген себебім – ол кісі Форбста тұрған, билікте адамы көп, мәжіліс депутаты болған адам. Мен ұрысты тоқтату мақсатында араға адам салып, екінші кездесуге кіруімнің себебі – жұмыста қалдыру емес, “мені соттатпаңыз” деп кешірім сұрау мақсатында кіргенмін. Сол кірген кезімде болған оқиға еді”, – дейді Ернар Жиенбай.

Еске сала кетейік, қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасауға қатысты іс бойынша үкім шығарылды. Сот үкімімен Ернар Жиенбай 9 жылға сотталды. Оның әкесі Жиенбай Пірәлиев “Берденов уәде еткенімен, кешірім бермеді” деп мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Талғарда атышулы Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот отырысы басталды
Бүгін, 17:25

Талғарда атышулы Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот отырысы басталды

Хасан Қасымбаевтан бөлек тағы бес айыпталушы бар
Ернар Жиенбайдың әкесі Жиенбай Пірәлиев сот үкімінен кейін журналистердің сұрағына жауап берді
Қылмыстық кодекске 115-1 — «Сталкинг» жаңа бабы енгізілген Заңға қол қойылды      

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →