×

Ержан Сәденов: Полицияда сатқындарға орын жоқ

Ержан Сәденов: Полицияда сатқындарға орын жоқ
Фото:gov.kz

Бүгін Мәжілістегі баспасөз мәслихатында журналистер Жамбыл облысында полицейдің қамауға алынуына қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұл жағдайға қатысты пікір білдірді:

– Өкінішке қарай, мұндай деректер болды. ІІМ – ірі ведомстволардың бірі. Былтырғы деректермен салыстырғанда, статистика жақсарып отыр. Бірақ заң бұзу, оның ішінде қылмыстық әрекетке бару – полиция қызметкерінің жоғары мәртебесіне мүлде сәйкес келмейді. Полицей халықты қорғауы тиіс. Мұндай жағдайда біз сатқындық туралы айтып отырмыз. Сатқындармен қысқа сөйлесеміз. Біздің арамызда сатқындар болмауы керек, – деді министр.

Сәденовтің айтуынша, Жамбыл облысындағы дерек бойынша тексеруді министрліктің өзі анықтап отыр. Ол ІІМ қатарында күдікке ілінгендерге қатысты ұстаным әрқашан қатаң болатынын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Маған өмірлік сабақ болды»: Қазақты қорлаған Мұхамадиева сотта көз жасына ерік берді
Бүгін, 16:16

«Маған өмірлік сабақ болды»: Қазақты қорлаған Мұхамадиева сотта көз жасына ерік берді

Келіншек екі жасар қызын бірнеше айдан бері көрмегенін айтты  
Динара Зәкиева көп мектептерде басшылық зорлық-зомбылық фактілерін жасыруға тырысатынын мәлімдеді
Бұған дейін тергеу барысында қылмысты орындаған екі адам ұсталып, қамауға алынған болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →