×

«Самұрық-Энерго» еншілес ұйымынан 8,5 млрд теңге жымқырған: Қазақстаннан қашқан күдікті Ресейде ұсталды

Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы экстрадицияланды

«Самұрық-Энерго» еншілес ұйымынан 8,5 млрд теңге жымқырған: Қазақстаннан қашқан күдікті Ресейде ұсталды
скриншот

Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінген азамат Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу барысында аталған адам құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жалған шарттар жасасып, аффилирленген компаниялар арқылы ақша қаражатын аудару жолымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес ұйымынан 8,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталған. Аталған қаражат Ақмола облысында жел электр станциясын салуға арналған болатын.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

“Осы жылдың ақпан айында ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар осы жылдың мамыр айында әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды”, – делінген Бас прокуратура таратқан ақпаратта.

Қылмыстық заңмен айыпталған әрекетті жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

200 млрд теңгеден астам қаржы жалған клиникалар мен 226 дроппер арқылы шығарылған.
Алматы қалалық полиция департаменті бұрынғы күйеуінен таяқ жеген Дильбар Тимурованың арызы жөнінде түсініктеме берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →