200 млрд теңгеден астам қаржы жалған клиникалар мен 226 дроппер арқылы шығарылған.
Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) зейнетақы жинақтарын заңсыз шығару ісіне қатысты бейнематериал жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Instagram-да жарияланған кадрларда заңсыз иеленген қаражатқа сатып алынған қымбат көліктер көрсетілген. Олардың қатарында:
Mercedes-Benz G63,
BMW XM 50e,
BMW X7,
Cadillac Escalade,
BMW 7 Series,
Mercedes-Benz GLS 450,
Porsche Taycan,
BMW X5,
Toyota Land Cruiser 200,
Lexus ES 300h және басқа да элиталық автокөліктер бар.
Агенттіктің мәліметінше, 200 млрд теңгеден астам қаржы жалған клиникалар мен 226 дроппер арқылы шығарылған. Салымшылардың ақшасына күдіктілер жалпы құны 600 млн теңгеден асатын 15 қымбат көлікті, әйгілі брендтердің зергерлік бұйымдарын, сонымен қатар пәтерлер, коммерциялық нысандар мен жер телімдерін сатып алған.
ҚМА бұл істе заңсыз жолмен алынған мүлікті іздеу және қайтару жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, 11 қыркүйекте қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының артығын стоматологиялық қызметке пайдалана алмайтыны белгілі болды. «Отбасы банк» мәліметінше, 15 қыркүйектен бастап стоматологияға қатысты өтініштерді қабылдау тоқтатылған.