Оқиға Алматыда болды.
Әлеуметтік желілерде Алматыда бір топ жас жігіттің ұсталған сәті түсірілген бейнежазба тарап, желіде пікірталас тудырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Куәгер түсірген кадрларда полиция қызметкерлерінің УПП 84 нөмірлі қызметтік көлікпен бірнеше адамды ұстап, жерге жатқызғаны көрінеді. Ерекше назар аудартқан полицейдің жерге етбетімен жатқан ер адамның артқы қалтасына жақындап, бір әрекет жасаған сәті болды.
Осыған байланысты Алматы қалалық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады. Ведомство «есірткі салынды» деген ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін түсіндірді.
Әлеуметтік желілерде таратылып жатқан бұл азаматтың есірткі сақтағаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Видеожазбада қызметкердің ұсталған азаматтың қалтасынан түсіп қалған жеке затын қайтарып беру сәті ғана бейнеленген. Ұсталған азаматқа ешқандай тыйым салынған заттар салынған жоқ, - деп атап өтті полиция.