×

Алатау қаласында 5 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

Алатау қаласында 5 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
Фото: pexe

Алатау қаласында заңсыз берілген жер учаскелері мемлекетке қайтарылды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жер учаскелерінің координаттарымен жасалған манипуляциялар анықталды. Кейбір учаскелер заңсыз түрде Қараой ауылдық округінен Байсерке ауылдық округіне орын ауыстырған. Прокурордың талап-арыздары бойынша олар мемлекет қорына қайтарылды. Жалпы ауданы 66,5 га, кадастрлық құны 1,8 млрд теңге құрайды.

Осыған ұқсас тағы бір іс сотта қаралуда, оның ауданы 3,4 га, кадастрлық құны 96,9 млн теңге.

Сонымен қатар прокуратура жалпы ауданы 236 га, кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын 21 жер учаскесін анықтады.

Бұл учаскелер заңсыз берілген, ал бір бөлігі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.

Қазіргі уақытта оларды мемлекет меншігіне қайтару жөнінде сотқа талап-арыздар жолданды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жомарт Ертаевты колонияға не үшін қайтарады: сот тың шешімнің себебін түсіндірді
Бүгін, 17:09

Жомарт Ертаевты колонияға не үшін қайтарады: сот тың шешімнің себебін түсіндірді

Алматы облыстық соты сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша іс материалын апелляциялық тәртіпте қарады
Келтірілген залал сомасы 46 миллиард теңгеден асады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляция отырысы 8 қазанда өтеді
Жомарт Ертаев Bank RBK-тен 2011–2017 жылдар аралығында 144 миллиард теңге жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →