×

Жомарт Ертаевты колонияға не үшін қайтарады: сот тың шешімнің себебін түсіндірді

Алматы облыстық соты сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша іс материалын апелляциялық тәртіпте қарады

Жомарт Ертаевты колонияға не үшін қайтарады: сот тың шешімнің себебін түсіндірді
Ашық дереккөзден

2 қыркүйекте Алатау қалалық соты Ертаевтың өтінішін қанағаттандырып, оны 11 ай 16 күн өтелмеген мерзімі бойынша рақымшылықпен босатқан. Алайда бұл шешім бұзылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Материалды зерттей келе, сот алқасы Ертаевтың екі үкім бойынша сотталғанын анықтады: 2020 жылғы 16 қарашадағы және 2021 жылғы 3 наурыздағы үкімдер. Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының 2021 жылғы 25 маусымдағы қаулысымен осы үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза мерзімі шешілген.

Сот қаулысында алғашқы сот үкімі бойынша өтелген жаза мерзімі есепке алынбаған. Бұдан бөлек, Ертаевтың жазасының мерзімі қай үкімнен бастап есептелетіні де көрсетілмеген. Алатау қалалық сотының қаулысында және №14 мекеменің анықтамасында өтелмеген жаза мерзімдері бойынша алшақтық бар. Сондай-ақ, мекеме анықтамасына басшы қол қоймаған», – деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Осы мән-жайларды ескере отырып, Ертаевқа рақымшылық актісін қолдану туралы сот қаулысы күшін жойды, оның өтінішін қанағаттандырудан бас тартылды.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан әлеуметтік желіде бұрынғы банкир Жомарт Ертаевты босату туралы сот қаулысы жойылғанын жазған еді.

Мәжілістің тағы бір депутаты Ермұрат Бапи Құспанның Бас прокуратураға бұл шешімге наразылық білдіруді талап етіп, арыз бергенін хабарлады.

Еске сала кетейік, қыркүйек айының басында бұрынғы банкир Жомарт Ертаевтың Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша мүлкі тәркіленіп, 11 жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі. Ол түзету мекемесінде үлгілі тәртібі үшін рақымшылыққа ілінген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда жалған стоматологиялық клиникалардың иелері іздестірілуде
Бүгін, 17:01

Қазақстанда жалған стоматологиялық клиникалардың иелері іздестірілуде

Келтірілген залал сомасы 46 миллиард теңгеден асады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляция отырысы 8 қазанда өтеді
Жомарт Ертаев Bank RBK-тен 2011–2017 жылдар аралығында 144 миллиард теңге жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →