×

Қазақстанда жалған стоматологиялық клиникалардың иелері іздестірілуде

Келтірілген залал сомасы 46 миллиард теңгеден асады.

Қазақстанда жалған стоматологиялық клиникалардың иелері іздестірілуде
Коллаж qaz365.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) елімізде үлкен резонанс тудырған «стоматологиялық іс» бойынша бірқатар клиника иелеріне іздеу жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іздеуде жүргендер:

Аслан Дүйсенов, 1992 жылы туған,

Ғаббас Имандаев, 1998 жылы туған,

Есімхан Елеешев, 1987 жылы туған.

ҚМА дерегінше, олар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан заңсыз қаражат шығаруға қатысты қылмыстық схеманы ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Келтірілген залал сомасы 46 миллиард теңгеден асады. Бұл қаржы жалған стоматологиялық қызметтер бойынша жасалған медициналық құжаттар арқылы ұрланған.

Шын мәнінде Ақтау мен Атырау қалаларындағы жеті стоматологиялық клиника халыққа ешқандай қызмет көрсетпеген және медициналық қызметпен айналыспаған, – деп мәлімдеді ведомство.

Күдіктілерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сонымен қатар, күдіктілердің бірі Аслан Дүйсенов бұрын полиция қызметінде істеген. Алайда жұмыстан босатылып, 2016 жылы ауыр қылмыс жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге жеткізу») және 362-бабы («Қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану») бойынша сотталған.

ҚМА азаматтарды іздеуде көмек көрсетуге шақырды:

Жедел желі: +7 (7172) 70-84-78
Анонимдік пен сыйақы кепілдендіріледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жомарт Ертаевты колонияға не үшін қайтарады: сот тың шешімнің себебін түсіндірді
Бүгін, 17:09

Жомарт Ертаевты колонияға не үшін қайтарады: сот тың шешімнің себебін түсіндірді

Алматы облыстық соты сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша іс материалын апелляциялық тәртіпте қарады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляция отырысы 8 қазанда өтеді
Жомарт Ертаев Bank RBK-тен 2011–2017 жылдар аралығында 144 миллиард теңге жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →