×

Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды

Іс материалдары Қазыбек би аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті.

Ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген қарағандылық кәсіпкердің ісі сотқа жолданды
Әлеуметтік желі

Қарағандыда әлеуметтік желідегі даудан кейін ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталған қала тұрғынының қылмыстық ісі сотқа берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс материалдары Қазыбек би аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті. Оны судья Арғын Құтышев қарауда. Басты сот талқылауы 14 қазанға белгіленді.

Ол ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі бойынша («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру») айыпталып отыр. Аталған бап бойынша 2000-7000 АЕК көлемінде айыппұлдан бастап, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.

Тергеу деректеріне сәйкес, 22 жастағы қарағандылық азаматша әлеуметтік желі Threads парақшасында ұлтаралық араздық белгілері бар жазба жариялаған. Оның қамауға алынуы полицияға күдіктінің елден кетуді жоспарлағаны туралы мәлімет түскенімен түсіндірілді.

Белгілі болғандай, сөз Алика Мұхамадиева туралы. Ол - Қарағандыдағы жүк жеткізу қызметі мен киім дүкенінің иесі. Даулы жағдай оның Threads-тегі қазақтарға қатысты қорлайтын пікірлерінен кейін өршіді. Мұхамадиеваның көпшілік алдында видеоүндеу арқылы кешірім сұрағанына қарамастан, қоғам тарапынан қысым басылмаған және оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жомарт Ертаевты колонияға не үшін қайтарады: сот тың шешімнің себебін түсіндірді
Кеше, 17:09

Жомарт Ертаевты колонияға не үшін қайтарады: сот тың шешімнің себебін түсіндірді

Алматы облыстық соты сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаевқа қатысты рақымшылықты қолдану мәселесі бойынша іс материалын апелляциялық тәртіпте қарады
Келтірілген залал сомасы 46 миллиард теңгеден асады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті ату ісі бойынша апелляция отырысы 8 қазанда өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →