Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен қазақстандық экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлады.
Ведомство мәліметінше, экстрадициялау операциясы Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері арқылы жүзеге асқан.
Күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры бола тұра, алдын ала сөз байласқан бір топ адаммен бірге 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысында жалпы құны 300 миллион теңгеден асатын мұнайды заңсыз өткізумен айналысқан. Қылмыс жасағаннан кейін ол елден жасырынған, сол себепті халықаралық іздеу жарияланды. 2024 жылы оның тұрған жері Дубай қаласынан анықталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлады қадағалаушы органның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Сондай-ақ прокуратура өкілдері осы іске қатысы бар тағы бір адамның 2024 жылы сот үкімімен бас бостандығынан айырылғанын атап өтті.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аса ірі көлемде мұнайдың заңсыз айналымы үшін 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған.