×

Астанада 2,6 млрд теңгені жымқырды деген құрылыс компаниясының басшысы сотталды

Тағы 650 млн теңге жалған фирмалар арқылы шығарылып алынған.

Астанада 2,6 млрд теңгені жымқырды деген құрылыс компаниясының басшысы сотталды
Pixabay.com

Елордада құрылыс компаниясының директоры, «Дорстройтрест» ЖШС-нің басшысы Ерден Нұрабай 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне (ҚМА) сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен «Дорстройтрест» ЖШС арасында құрылысқа инвестиция салу туралы келісім жасалған. Алайда мердігер компания келісімшарт талаптарын өрескел бұзып, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтамаған.

Бұдан бөлек, бөлінген 2,6 млрд теңгенің едәуір бөлігі жеке мақсаттарға жұмсалған - автокөлік сатып алу мен бөгде қарыздарды өтеуге кеткен. Шамамен тағы 650 млн теңге жалған фирмалар арқылы шығарылып алынған.

Сот Ерден Нұрабайды кінәлі деп танып, оны 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, 131 млн теңге көлеміндегі мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды.

Сонымен қатар, тергеу деректеріне сәйкес, бұл іс бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуде. Ол да қаржылық заңбұзушылықтарға қатысы бар деген күдікке ілінген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Спортшылар жастарды салауатты өмірге шақырды
26.11.2025ж. 19:28

Спортшылар жастарды салауатты өмірге шақырды

Оған студенттер, танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері мен денсаулық саласының мамандары  жиналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →