×

Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушының өліміне қатысты сот үкімі шықты

Үш оқушы 1 жылға, қалған үш оқушы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды 

Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушының өліміне қатысты сот үкімі шықты
Фото әлеуметтік желіден

Ақтөбе облысында Қопа ауылында былтыр қыркүйекте болған жасөспірімнің өліміне қатысты даулы іс бойынша сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу мәліметінше, оқиғаға алты жоғары сынып оқушысы қатысқан. Олар бірнеше рет жанжал шығарып, мектеп оқушыларын ұрып-соғып келген. Қайғылы жағдай сол төбелістердің бірінде болған.

Сот шешімі бойынша, үш оқушы «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып бірнеше рет бұзақылық жасау» бабымен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Қалған үш оқушыға «Денсаулыққа қасақана зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушiнiң өліміне әкеп соғу» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Спортшылар жастарды салауатты өмірге шақырды
26.11.2025ж. 19:28

Спортшылар жастарды салауатты өмірге шақырды

Оған студенттер, танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері мен денсаулық саласының мамандары  жиналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →